Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасты

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
2481
Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасты

«Жамбыл облысында бос жатқан алқаптарды игеруге баса назар аударылуы керек». Аймаққа жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев осылай деді. Өндіріс орындарын аралап, «Рола» компаниясының жұмысымен танысты. Тәулігіне 30 тонна өнім шығаратын серіктестік өнімдерін экспорттауды жолға қойған. Ресей, Түркіменстан мен Өзбекстан нарығына жол тартқан. Биыл қытайлық компаниямен әріптестік орнатты. Соның арқасында 285 млн теңге инвестиция тартып, 5 жылға шарт жасасқан. Ал қытайлықтар орнатқан заманауи құрылғылар 5 жылдан соң компания меншігінде қалмақ. Мәжілісмен бос жатқан телімдерді игеру жайын мәжіліс мінберінде талқылайтынын айтты.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ауыл шаруашылығында жер мәселелерінің әлі де тапшылықтары сезіліп, және олардың дамитын потенциалы бар, бірақ соның кеңейтетін мүмкіндіктері туғызылмай жатқандығы бар. Шығарылған өнімдерін өткізу мәселесі де толық әлі шешіле қоймаған. Сондықтан біз бұл мәселелердің барлығын керекті жерлерге өзіміз пікірлерімізді жеткіземіз.

Мәжілістегі "Нұр Отан" фракциясы депутаттарының сапары Қарағанды облысында да жалғасты. Машина жасау зауытында болған мәжілісмендер мамандардың біліктілігін көтеру жайын талқылады.

«Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын тау-кен өндірісіне арналған машиналарды жасауға көшкен. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 14 млрд теңге  жұмсалды. Енді зауытқа машина жасау ісін меңгерген мықты мамандарды тарту көзделген.