Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қуандық Бишімбаев сот алдында соңғы 7 жылдағы тапқан табысы туралы айтты

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
2349
Қуандық Бишімбаев сот алдында соңғы 7 жылдағы тапқан табысы туралы айтты

7 жылда Қуандық Бишімбаевтің есеп-шотына 273 млн теңге түскен. Бұл туралы сот алдында куәгерлік етіп жатқан экс-шендінің өзі айтты. Қосшыдағы зәулім үйдің құрылысына кеткен қаржыны қайдан алғанын жайып салды. Бүкіл табысының мөлшерін де жариялады. Прокурордың сөзінше, қылмыстық іске тіркелген материалдарға сәйкес, «Самрұқ-Қазына» қорынан бір кездері Бишімбаевқа 420 мың доллар көлемінде бонус төленген. Бұл қаржының бір бөлігіне, яғни 200 мың долларына «Милан кварталынан» Әлібаева деген азаматшаның атына пәтер сатып алынған. Ақшаның өзге бөлігі 2016 жылы шоттан алынып, Қосшыдағы үйдің құрылысына жұмсалған. Ал Әлібаева атты азаматшамен қандай таныстығың бар деген прокурордың сұрағына, Бишімбаев оның қылмыстық іске қатысы жоқ екенін айтты.

«Халық банкі», «Казкоммерцбанк» және «Астана» банктерінде ашылған есеп-шоттарым бар. 2010-шы және 2017-ші жылдар аралығында осы шоттардағы сома 273,6 млн теңгені құрады. Егер ескі бағаммен алсақ, 2 млн доллар. Ал, шығын көлемі 262 млн теңге. Оның ішінде депозиттік шоттарға 95 млн теңге аударылды, тауарлар мен түрлі қызметтердің ақысына 123 млн теңге төленді. Есеп-шотымнан қолма-қол ақша түрінде 42 млн теңге алынды. Сондықтан 120 мың долларды төлейтіндей табысым жоқ деп айту мүмкін емес.

Бишімбаев бұған дейін Қосшыдағы үйдің өз атында еместігін, зәулім баспана серіктестерімен бірге ортақтаса пайдалану үшін салынғанын айтқан. Экс-министрдің сөзінше, аталған үйдің құрылысына өз қалтасынан 120 мың доллар салған. Ал, қылмыстық іс бойынша "пара берді" деп айыпталған Сәбит Өтебалиев бүгінгі процесте куәгерлігін өзгертті. «Бәйтерек Девелопменттің» экс-басшысы Анарбай Дильрухтың өзіне қысым көрсетіп, пара сұратқанын айтты. Алайда, соңғысы "құрылыс компаниясының директоры параны өзі ұсынды" дейді.

Айта кетейік, Бишімбаевқа "аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан- таражға салу"  баптарымен айып тағылды. Қараша айынан бері өтіп жатқан сотта экс-шендіден басқа 22 адамның қылмыстық ісі қаралуда. Олардың дені қылмысын мойындаған.