Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бірқатар аймақтарда жолдар жабылып, мектептерде оқу тоқтады

AstanaTV
11.01.2018ж. 20:00
2981
Бірқатар аймақтарда жолдар жабылып, мектептерде оқу тоқтады

Павлодар облысында да табиғат тосын мінез танытты. Аймақта қарлы боран. Синоптиктердің хабарлауынша, желдің ұйтқуы секундына 22 метр жылдамдыққа жеткен. Кей жерлерде тіпті 30 метр болады. Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды.

Саламатсыз ба! Старшина Айгожин, жол полициясы. Құжаттарыңызды. Алысқа бара жатырсыз ба? -Екібастұзға. Жол жабық! Штормовое предупреждение!

Ауа-райының қолайсыздығынан бірнеше рейс уақытынан кешіккен. Жергілікті әуежай өкілдерінің хабарлауынша, «Эйр Астана» және «Скат» әуе компанияларының ұшақтары күн райының оңалуын күтіп отыр.

Сондай-ақ 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Құтқарушылар мен тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті.

Асқарбек Омаров, Павлодар облыстық ТЖД бірыңғай ақпараттық қызметінің басшысы:

Осы күндері облыс бойынша төтенше жағдайлар болмаған. Жергілікті мекемелер және барлық төтенше жағдайы қызметкерлері күшейтілген жағдайда жұмыс істеп жатыр қазіргі уақытта.

Ал, Қызылордада секундына 25 метр жылдамдықпен соққан жел екі қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырды. 800 текше метрдей жабынды аулада тұрған автокөліктің үстіне түскен. 23 жастағы азамат дене жарақатын алып ауруханаға жеткізілген.

Қадырбек Әліпов, қалалық аурухананың травматолог дәрігері:

Науқас травматология бөліміне жатқызылып, бүгін, яғни 11 қантар күні, аяғына жедел ота жасалды. Қазіргі таңда жалпы жағдайы тұрақты, қорқатын ештеңе жоқ, емін алып жатыр. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бүгін таңертең Қызылорда- Павлодар-Успенка бағытындағы жол жабылған. Күн райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындардың жолға шыққанда сақ болуы ескертіліп жатыр. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ