Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Египеттен 6 қазақстандық студент елге оралды

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
2032
Египеттен 6 қазақстандық студент елге оралды

Египетте қамауда болған 6 қазақстандық студент елге оралды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минситрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов бүгін фейсбуктегі парақшасында жариялады. Ол жерлестеріміздің елге аман-есен жетіп, қазір үйлеріне қарай бағыттағандарын жазды. 

Еске салсақ, Мысырға тіл үйренуге кеткен студенттердің байланысқа шықпай қалғанын туыстары хабарлады. Сыртқы істер министрлігі жоғалғандардың саны алтау екенін мәлімдеді. Кейін шілденің 19-ынан 20-сына қараған түні оларды Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ұстап алғаны белгілі болды.