$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өткен жылы Алматыда ереже бұзған жүргізушілерге 3 миллиардтан астам айыппұл салынды

AstanaTV
11.01.2018ж. 20:00
2600
Өткен жылы Алматыда ереже бұзған жүргізушілерге 3 миллиардтан астам айыппұл салынды

Тәртіп сақшылары да тәртіп бұзады. Алматыда видеотіркеуішті себепсіз өшірген 30 полицей қызметтен шеттетіліп, өзге жұмысқа ауыстырылды. Бұл туралы ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы мәлімдеді.

Еске салсақ, өткен жылы қарашада қала әкімі ережеге бағынбаған полиция қызметкерлерін бірден жұмыстан босату керек деген еді. Мақсат - қызметін асыра пайдалану, жемқорлық секілді келеңсіздіктердің алдын алу.

Жандос Мұраталиев, Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

30 қызметкер Ішкі істер министрі міндеттеген 971-ші тапсырманы өрескел бұзғандықтан, өзге қызметке ауыстырылды. Құрылғыны себепсіз сөндіргенімен, жемқорлық фактісі анықталмады. Сондықтан жеңіл жазамен құтылды. Біз әр видеотіркегішті арнайы терминал арқылы 5 минутта тексере аламыз.

Мәліметке сай, өткен жылы 377 484 жүргізуші ереже бұзған. Оларға 3 миллиард 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік тізгіндеген азаматтардың ережеге бағынбауын азайту мақсатында полиция қызметкерлері бірқатар шараларды қолға алды. Бес жүзге жуық жаңа автобусқа видеофиксация камераларын орнатқан.