$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Той кортежіне қатысқан көлік қожайындарына әкімшілік айыппұл салынды

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
2635
Той кортежіне қатысқан көлік қожайындарына әкімшілік айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері атышулы тікұшақтың қатысуымен болған той кортежіндегі 3 бірдей қымбат көлік қожайынына әкімшілік айыппұл салды.

Мына Шымкент-Ташкент тас жолындағы бейнежазба әп-сәтте барлық ғаламтор беттерін шарлап кеткен еді. Бейнені мұқият зерттеген полицейлер жүргізушілердің өзге де көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіріп, жол бермегенін байқапты. Сондықтан осы құқық бұзушылыққа сай екі бірдей "Бентли" және бір "Тойота Лэнд-крузер" жүргізушісіне хаттама толтырған.

Ал тікұшақтың заңды бұзған-бұзбағаны алдағы уақытта белгілі болады. Әуе көлігін той иелері жарты сағатқа 275 мың теңге төлеп жалдаған. Ол жергілікті мұнай компанияларының біріне тиесілі екені белгілі болды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

3 автокөлік 614-ші бап бойынша жауапкершілікке тартылған. Ал мына тікұшаққа қатысты біз ақпараттарды жібердік сол мәселемен айналысатын органдарға. Олар тексеріп жатыр тікұшақ бойынша.