$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Ақтаудағы газ тапшылығы жойылады - Энергетика министрлігі

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
3073
Ақтаудағы газ тапшылығы жойылады - Энергетика министрлігі

Ақтаудағы сұйық газ тапшылығы 2-3 күн ішінде жойылатын болды. Аймаққа қосымша 2 мың тоннадай газ жеткізілмек. Мәселеге Энергетика министрлігі араласқан. Ведомствоның газ өнеркәсібі департаментінің жетекшісі Маңғыстау өңірінде газ тұтыну көлемі өзге аймақтардан жоғары екенін айтады. Мұнда барлық көліктің 70 пайызы сұйытылған газды пайдаланады. Облыстың ай сайынғы сұранысы 14 мың тонна төңірегінде. Бұл жолғы тапшылық маусымдық құбылысқа орай болған.

Зияш Қияқбаев, ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры: 

Бүгін-ертең бірінші партия Маңғыстау өңіріне қарай шығады, Жаңажол газ өңдеу зауытынан. Барлығы ойдағыдай болса, 3-4 күнде бірінші партия жетеді, тапшылықты жоямыз деп отырмыз.

Өңірде сұйық отын тапшы. Қалада көлік жүргізушілерінің ұзын-сонар кезегі қалыпты жағдайға айналғанын бұған дейін де хабарлаған едік. Жанар-жағармай стансаларын аралаған аймақ басшысы оларды түгел тексеруді тапсырды. Онсыз да тапшы газ сыртқа сатылып жатыр деген күдік бар. Ералы Тоғжанов жергілікті зауытта шығарылатын өнім аймақты толық қамтуға қауқарлы екенін айтқан. Сұйық газға көшкен көлік саны артып кеткендіктен, балама отынға көшу мәселесі де қарастырылды.