$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл аудан мен ауылдарда 1 413 әкім сайланады

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
2861
Биыл аудан мен ауылдарда 1 413 әкім сайланады

Аудан, ауыл әкімдерін сайлау басталды. Ол 4 тамыз бен 28 тамыз аралығында өтеді. Науқан 14 облыста жүретін болады. Сайлау кезінде мың жарымға жуық аудан, ауыл әкімі сайланады. Бұл туралы Орталық комиссиясы хабарлады.

Қазақстан бойынша қала, аудан, ауыл әкімдерінің саны 2440. Оның 60 пайызы, яғни 1413 әкім жаңадан сайланады. Өйткені кейбір ауылдар жойылған, енді бірінің өкілеттік мерзімі бітсе, өкілеттік мерзімі тоқтатылғандар тағы бар. Ал сайлауға түсіп, әкім болам деген 4 мыңнан астам адам бар. Оның 3 895-і тіркелген. Демек, әр жерде бір әкім креслосына 2-3 адамнан таласып жатыр. 


Айта кетейік, жергілікті өзін-өзі басқару заңына өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Егер заң мақұлданса, келер жылдан бастап аудан мен ауылдардың өз бюджеті болады. Яғни қазынадан қаражат тікелей жергілікті жерлерге бөлінбек.