Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент белгілеп берген 10 бағыт біздің заманға сай болуымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Н.Нығматулин

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
3158
Президент белгілеп берген 10 бағыт біздің заманға сай болуымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Н.Нығматулин

"Президент нақты белгілеп берген 10 бағыт біздің заманға сай болуымыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен жаңа табыстарға жол ашады". Мәжілістің биылғы алғашқы отырысын ашқан палата төрғасы Нұрлан Нығматулин президент жолдауының маңыздылығына тоқталды. Онда кейбір салада жаңа заң қабылдап, барын жетілдіру тапсырылған болатын. "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауда жүктелген мақсаттарды сапалы заңдармен қамтамасыз ету - біз үшін үлкен жауапкершілік және абыройлы міндет", - деді Нұрлан Нығматулин. Алдағы уақытта заңнаманы жетілдіру үшін, депутаттар алдына үкімет үйінен 16 министрдің 12-сі баяндама жасайтынын айтты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

Елбасы өз Жолдауында венчурлік қаржыландыру, табиғи монополияларды реттеу, экологиялық, денсаулық кодексі сынды заңнамаларды жетілдіру үшін нақты тапсырмалар берді. Және де бізге жеке тұлғалардың банкрот болуы, еңбектің электронды биржасы, бизнес-климатты одан сайын қолайлы қылу үшін жаңа заңдарды қабылдау керек. Сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдардың жұмысы, сақтандыру қызметі және агроөнеркәсіп кешеніне қатысты да заң жобаларымен жұмыс жүргізу қажет. Яғни Мәжілістің басты жұмысы бұған дейінгідей Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын заңнамалық тұрғыда қолдау болып табылады.