Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Білім саласының жаңартылған мазмұнға көшуі оқушылар жүктемесін азайтты

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
2635
Білім саласының жаңартылған мазмұнға көшуі оқушылар жүктемесін азайтты

Білім саласының жаңартылған мазмұнға көшуі оқушылар жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл мәселе арнайы әзірленген әдістемелік нұсқа арқылы реттелуде. «Нұр Отан» партиясының Павлодарлық филиалында өткен жиында өңірдің педогогтары осылай деді. Білім жүйесінің жетістіктері мен кемшін тұстарына тоқталған қатысушылар оқу бағдарламасына жаңартылған мазмұнды енгізудің мүмкіндіктерін пысықтады.

Павлодар облысы үшін өткен оқу жылы жемісті болған. Мектепке дейінгі тәрбиемен балғындардың 77 пайызы қамтылды. Келер жылы көрсеткіш 100 пайызға жетеді,-деп сендірді білім басқармасы өкілдері. Өңірдің олимпиада құрамасы да жақсы нәтиже көрсетті. Облыстың қоржынына түрлі білім додаларынан 55 медаль түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Жанат Асайынова, Павлодар облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Орта білім саласында жаңартылған мазмұнға көшу біртіндеп жүргізіліп жатыр. Биыл жаңартылған мазмұн бойынша бірінші, екінші, бесінші және жетінші сыныптар білім алуда. Келер жылға үшінші, алтыншы, сегізінші сыныптарға қажет талаптарды әзірлеп жатырмыз. Яғни оқулылықтар сатып алынуда. Бүгінгі таңда оқулықпен қамту ісі өңірде 100 пайызды құрайды.