Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Барыс» КХЛ тұрақты кезеңінде 9 ойында қатарынан жеңілді

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
2080
«Барыс» КХЛ тұрақты кезеңінде 9 ойында қатарынан жеңілді

«Барыс» клубтық хоккей лигасының тұрақты кезеңінде 9 ойында қатарынан жеңілді. 9-шы ойын «шығыстың» ең әлсіз командаларының бірі «Лада» болатын. «Барыстың» әлі де болсын плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндігі бар. Алайда, бапкерлер сапы құрамаға көбірек үміт артып отырған сыңайлы. Сырт алаңда команданың үздік бомбардирі Линден Ае мен тағы 3 бірдей легионер алынбаған. Ертең «Барыс» Екатеринбургта жергілікті «Автомобилистке» қарсы ойын өткізетін болады.


Англия футболында бейнеқайталаудан кейін ең алғашқы гол есептелді. Ағылшын кубогында «Лестер» - «Флитвуд» арасындағы матчта даулы жағдай туындаған. Ойынның 77-ші минутында қонақтардың форварды Келечи Ихеаначо өзінің екінші голын соққан. Алайда, төреші оны ойын алаңынан сырт қалды деп бекітті. Ойынның бас төрешісі видео ассистенттің көмегіне жүгініп, ақыры қақпаға кірген гол есептелді. Ойын 2:0 есебімен, қонақтардың пайдасына шешілді.


Ал, аты аңызға айналған Роналдиньо екі жылғы үзілістен кейін футболмен қош айтысты. «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы ресми түрде соңғы рет 2015-ші жылы «Флуминенсе» ФК құрамында алаңға шыққан болатын. Команда құрамында футболшы Чемпиондар Лигасын жеңген, Ал, Бразилия сапында 2002-ші жылы әлем кубогын жеңді. Араға 3 жыл салып «Алтын доп» иегері атанған болатын.