Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Келешекте қазақстандық жастардың діни білім іздеп шетелдерге ағылуы тоқтауы мүмкін - Ермекбаев

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2131
Келешекте қазақстандық жастардың діни білім іздеп шетелдерге ағылуы тоқтауы мүмкін - Ермекбаев

Шетелге өз еркімен діни білім алудың қажеті жоқ. Өйткені олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүйесінде жұмысқа орналаса алмайды. Мысырдағы Қазақстан студенттерінің ұсталуына қатысты Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді.

Келешекте қазақстандық жастардың діни білім іздеп шетелдерге ағылуы тоқтатылуы мүмкін. Министрдің айтуынша, «бакалавриат дәрежесіндегі діни білімді жастар тек өз елімізде алуы керек. Ал магистр мен доктор дәрежесін алу үшін, шетелге діни басқарманың жолдамасымен баруы тиіс. "Ал бірте бірте шетелде діни ілім алу үдерісіне тоқтау салуымыз ықтимал", - деді министр. Айта кетейік, қазір 300-ге жуық қазақстандық өзге мемлекеттерде діни білім алып жүр.