Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ президентінің антиресейлік санкциялары сауда соғысы жарияланғанын білдіреді - Медведев

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2791
АҚШ президентінің антиресейлік санкциялары сауда соғысы жарияланғанын білдіреді - Медведев

Сауда соғысы жарияланды. АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкцияларға қол қоюы осыны білдіреді. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев осылай деп бағалады. Оның айтуынша, АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынастың реттелуіне ешқандай үміт қалмады. Санкциялар бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Ал бұл халықаралық шиеленісті үдете түседі деп санайды. 

Дмитрий Медведев,  РФ Премьер-министрі:

Санкциялық режим арнайы бұғатпен қойылды. Енді ол қандай да бір тосын жағдай болмаса, ондаған жылдарға дейін жалғасады. Ол тіпті Джексон - Вэниктің заңынан да қатал. Оны Конгресстің келісімінсіз, тек президент жарлығымен алып тастауға келмейді. Бұл АҚШ пен РФ арасы, Конгерсс құрамы мен Президенттің кім екеніне қарамастан, ушыға түседі деген сөз.  Бұл халықаралық органдар мен соттарда өзара қарым-қатынасты анықтауды қажет етеді.

Иран билігі де АҚШ салған санкцияларға қатысты үнсіз қалмады. Қарымта жауап ретінде Тегеран 16 шарадан тұратын санкцияны әзірлеп қойды. Осылай деген сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи оны нақтыламады. Бірақ оның бірі елдің қару күштерін жетілдіруге қатысты екенін айтты. Ал бүгін екінші мәрте президент болып сайланған Хасан Рухани елді "оқшаулауға" қарсы жұмысын жалғастыратын мәлімдеді. Ұлықтау рәсімінде ядролық келісімшарт Иранның халықаралық аренадағы ерікті шешімі екеніне тоқталды. 2015 жылы Тегеран санкцядан құтылу үшін, атом бағдарламасын қысқарту жөнінде әлемдік державалармен келісімге келген.