$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары.

AstanaTV
20.01.2018ж. 20:00
2561
Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары.

Мемлекет Басшысы АҚШ-на сапарын қорытындылағанда былай деді:

Кездесудің басында біз де, басқалар да хал-жағдай сұрасамыз. Мен оған Ақ үйге шақырғанына рақметімді айттым. Ал ол келгеніме «рақмет» деді. Ақ үйдің ішінде делегациясымен таныстырды. Сосын
OVAL CABINET –ке оңаша сөйлесуге кірдік. Мен мұндайды бұрын көрмегенмін. Әрқашан адамдар тұрады. Президентпен оңаша қалу болмаған. Ол сөйтті. Мұнан соң демалыс бөлмесіне бардық. Ол жерде де біраз нәрсе айттық. Кездесулер аяқталғанда бір-бірімізге сәттілік, денсаулық тілеп, қоштастық». 

Әрине, бұл кездесудің басты қорытындысы емес, бірақ маңызды деталь. Сенат төрағасы, әлемдік саясаттың «қырық қабат» қатпарын жақсы түсінетін Қ.Тоқаев та «Ақ үйдің біздің Президентті ерекше ілтипатпен қабылдағанын» жазған. Бір жағынан, ешнәрсеге қарамай, АҚШ бәрібір жердегі жетекші ел. Екінші жағынан, қазіргі дүниедегі геосаяси жағдай ушығып барады. Державалардың көлеңкесінде бұғып отырсаң, «мыжылып» қалғаныңды басқалар байқамай да қалады. Сондықтан позицияңның барын айту және оны дәлелдеу жәй амбиция емес. Мемлекеттікті сақтауға ықпалдасатын «
пайдалы әсер коэффициентін» шығару. Мысалы, Н.Назарбаевтың Құрама Штаттар establishment –іне Ресеймен арасындағы нөлге теңелген қарым-қатынастарын айтқанда ойлағаны - еліміздің мүддесі ғана. «...Қайтадан «қырғи-қабақ соғысына» бара жатыр. Бұдан ешкімге жақсылық жоқ. Ресей біздің көрші, әріптес және одақтас. Олармен сауда айналымы үлкен... АҚШ президентімен бұл тақырыпта сөйлестік. Қазір жариялағым жоқ, дегенмен жұмыс істейтін учаскелер бар... Түптің түбінде мәселенің көбесі сөгіледі деп есептеймін», - деді Президент. арбаев пен Д.Трамптің «Қазақстан және АҚШ: ХХІ ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік» деп аталатын бірлескен мәлімдемесі, 7,5 млрд долларға бағаланған авиация, ғарыштық зерттеулер, мұнай химия және ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту салаларына қатысты 20 коммерциялық құжатқа қол қойылғаны - Вашингтон сапарының негізгі аспектілері туралы Анар Каринтаева мен Мөлдір Бақытқызының материалы.

Назарбаев пен Трамптың қол алысқан сәттен бастап, әрбір әркеті миллиондаған қызыққұмар қырағы көздердің назарында. Иә, бір жыл бұрын сайлаған Дональд Трамп амандасу мәнерімен көзге түскелі біраз. Психологтар оның әрбір қимыл-әрекетін егжей-тегжейлі зерттеп те тастады.  Жапон Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесуде 19 секунд тоқтамай қол алысуы, содан соң «мықты екенсің» деп сыбыр ете қалуы біраз талқыланып кеткен. Ентелеп ұмтылу - састырады, қолын жұлқи тарту- еңсесін басады, иықтан қағу - кемсіту деген сияқты бағалар беріліп жатады. Нұрсұлтан Назарбаев «Ассалаумағалейкүм» деп үйреніскен қазақ емес пе? Былқ етпеді. Әлде әзірден бәрін ескерді ме?  Әйтеуір, саясаттанушылар мұны байқап жатты.

Қол алысуға дейін де, сан түрлі божамдар айтылып, сарапшылар пікір білдірумен болды. Саясаттанушылар «алысқа кетпеді». Екі тарапқа да маңызды геосаяси мәселе бүгінде Ауғанстандағы ахуал болып тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Присутствие американских войск в Афганистане это дело не только США, но и всего мира. Противостоять новому очагу терроризма и это задача всех нас соседей Афганистана. Господин Президент, Казахстан за эти годы оказал гуманитарную и техническую помощь на 75 млн долларов, обучает тысячи молодых афганцев профессиям, которых у них не было, направив на этот 50 млн долларов.

Дәл осылай Астанадағы Аграрлық университетте ауғандық Хафизулла Кадри оқиды. 4 жыл бұрын келген. Ол үйден шығып кеткен қарындасы үшін қорқады, қайтпай қалуы мүмкін. Елдегі соғысты тоқтатып, тыныш өмір сүруді армандайтын студент әлемдік көбасшыларға үндеу жолдады. 

Хафизулла Кадри, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университетінің студенті:

Я обращаюсь Президенту Казахсатана, Вы лидер мирого масштадба. Вы не раз выступали посредником решений конфликтов. Все видят итоги переговоров Сирий. Скоро вы встретитесь с Дональдом Трампом. Прошу вас, Нурсултан Абишевич передать ему мои слова и начать мирный диалог у вас в Казахстане. 

СВS арнасының мәліметінше АҚШ Ауғанстанның қорғаныс саласы шығындарының 90 пайызын жауып отыр. Ол үшін жылда 4 млрд доллар кетеді. Оған қоса, республиканы қалпына келтіруге 30 млрд доллар бөлген. Ауғанстан аумағында 21 халықаралық лаңкестік ұйым топтасқан. Былайша айтқанда, ел қоршауда.

Экономикаға келсек, іскер топ өкілдерімен кездесу нәтижесінде құны 7,5 млрд доллар болатын 20-дан аса келісім-шартқа қол қойылды. Жаңа "Боинг" сатып алу, электровоз құрылысы, ауыл шаруашылығына инвестиция дегендей. Қазақстанға АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары  50 миллиард доллар инвестиция құйды. Кезінде көш бастап  келген «Шеврон». Бүгінде, Қарашығанақтың 18 пайызына ие. Одан соң, «Эксон Мобилдің» Қашағанда 16 пайыз үлесі бар. Бұл жолғы сапарда әңгіме мүлдем жаңа бағыттарға да өрбіді. Назарбаев «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен кездесті. Бұл компания Америкадағы үш ірі қор биржасының бірі. Енді «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірден бір инвесторы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Недавно утвердил судью и все 9 судии англичане и американцы там есть. Независимый суд гарантирует справедливость защиту прав сторон. Летом этого года мы планируем провести официальную презентацию, 4-5 июля приглашаю всех вас.

Президенттер «C5+1» диалогы сияқты өңірлік ынтымақтастық форматын пайдаланып, Орталық Азиядағы сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Болашақта Ауғанстанның «C5+1» жобасына қатысуын да құптады. Мұндағы «бесеу» деген біз және Қырғыз республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, ал алтыншысы АҚШ.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы АҚШ Қазақстанды мықты, егемен әрі тәуелсіз ел, Орталық Азиядағы маңызды дос және стратегиялық серіктес ретінде қарастырып келеді. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болу біз үшін маңызды. Ол кез 1991-жылдың "Рождество" мерекесі болатын.

Назарбаев АҚШ пен Ресейдің нөлге теңелген қарым-қатынастарына алаңдайды. Себеп түсінікті – Ресей біздің үлкен көрші... Сарапшылар ресми Астана Мәскеу мен Вашингтонды бітістіруге септесуі мүмкін деген пікірде. Тәжірибе жеткілікті.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

В США очень внимательно следят. В этом плане Казахстан как посредник устраивает Белый дом. На всем постсоветском пространстве только у Казахстана сложился иммидж государство- модератор. Это было во время конфликта  Россий - Турций. В свое время несколько лет назад Казахстан предлагал свою площадку для обсужения Иранской ядерной программы. Сейчас для Сирийских переговоров.

Иә, Президенттер де бірінші кезекте отағасы, әке, ата. Үйдегі «жаңалықтар» жанға жақын. Сондықтан ұмыт қалмайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Поздравляю Вас с рождением 9-го внука, господин президент. И хочу вам сказать, что в прошлом году у меня родился 10-ый.

Бұл, Назарбаевтың алпауыт АҚШ-қа Үлкен Буш кезінен бастаған 11- ші сапары.

Мөлдір Бақытқызы, Анар Каринтаева «Біздің уақыт».