$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысына төрағалық етуі.

AstanaTV
20.01.2018ж. 20:00
2474
Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысына төрағалық етуі.

Вашингтоннан кейін Н.Назарбаев Нью-Йоркке барды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысына төрағалық етті. Осы жылдың 1-қаңтарынан бастап еліміз БҰҰ ҚК төрағалығына кіріскені мәлім. Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында БҰҰ ҚК тұрақсыз мүшесі атанған тұңғыш мемлекет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Орталық Азияның бұл мәр­тебелі қызметтегі бірінші мем­лекеті ретінде біз өңіріміздегі ха­лықтардың Дүниежүзілік ұйым­ның осы маңызды «үніне» ай­налдық. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бірінші жы­лы өтті. Біз Кеңестің күн тәр­тібіндегі өзекті мәселелерді ше­шуге қатысу барысында барынша белсенді, конструктивті және әділ болуға тырыстық. Ау­ған­­стан/Талибан, ИЛИМ/ДАИШ, Әл-Каида және Сомали/Эри­трей жөніндегі комитеттерді бас­қара отырып, олардың жемісті қыз­мет етуіне өз үлесімізді қосып ке­лемізКеңестің бар­лық мүше-мемлекеттеріне берік ынтымақтастығы үшін ри­за­шы­лығымды білдіремін.  

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: 

«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін қайтадан алаңдаушылық туып отыр. Әскери бюджеттердің өсуі, қару-жарақ жинау – мұның бәрі қауіптенетін жағдай. 

Біздің Президент ядролық қаруды таратпау саласындағы сенімді нығайта түсу үшін мынандай шаралар атқаруды ұсынамын», деді. Алты пунктке бөліп саралады. Мысалы:

Бірінші. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығу процесін қиындату қажет деп санаймын. КХДР-ң әрекеті ядролық қаруды иеленсем деген амбициясы бар басқа елдерді осындай қадамға итермелеуі мүмкін. Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа күмән келтірмей, бұл Шартты бұзатын елдер үшін осының нақты салдарын (санкция шараларын қоса алғанда) айқындайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарын әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Екінші. Жаппай қырып-жою қаруларын иемденуге және таратуға қатысты қатаң шара қолданудың нақты жұмыс істейтін механизмін әзірлеу керек...Жаппай қырып-жою қаруларын иемдену ниетіне жол бермеудің басты шарасы ретінде атом қаруын иеленуден ерікті түрде бас тартқан және ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге ядролық державалардың беретін кепілдігін заң жүзінде міндеттейтін жүйені дамыту қажет.   

Мемлекет Басшысы мүдделі тараптарды Солтүстік Корея мәселесін неғұрлым жылдам, әрі конструктивті жолмен шешуге шақырды. «Сенім ахуалын қалыптастырудың және Пхеньяннің келіссөз үстеліне оралуының маңызды шарты ретінде «ядролық бестіктің» Солтүстік Корея қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтаймыз. Мүдделі тараптар қажет еткен жағдайда, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын», деді Н.Назарбаев.

Президент АҚШ-қа сапарын қорытындылап, баспасөз мәслихатын өткізгенде ядролық қауіпсіздік, террормен күрес мәселелеріне бірнеше рет тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Терроризм деген тілсіз жау дейді ғой, сондай... ДАИШ мемлекет құра алмас, бірақ олар соққы алғаннан кейін бұйрық беріп кетті, отырыңдар, деп... Бізден кеткендер де бар. Біз оларды әрқашан қадағалап отырамыз. 400-й бала-шағасымен, қалай келерін білмей отыр... Бірақ Ақтөбедегі ана жылдағы терактіні жасаған солар...

Д.Трамп Солтүстік Корея проблемасын АҚШ, Ресей, Қытай бірлесіп шешуі керектігі туралы Назарбаев пікірімен келіскен. Сонымен бірге Украина проблемасы сөз болған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы через КНДР перекинули мост к Украине, что украинский вопрос тоже можно решать. Есть минские соглашения, которые зашли в тупик я считаю. Надо вводить миротворцев в Донбасс. Мы говорили о том, что Минск 1 застопорился, в тупике. Нужен Минск 2. Он (Д.Трампговорит  мне Минск не нравится, давай в другом месте. Я говорю: давай. Вообще то, первоначально должно было быть в Казахстане.

Осы аптада Украина Минск келісімін жоққа шығаратын заң қабылдап үлгерді. Сондықтан саясаткерлерге келіссөз жүргізетін басқа алаң іздеу керек немесе диалогты басқа форматта жүргізу керек. Президенттер әрине, Ауғанстанды  талқылады. «Қазанды сапырып» отырған тәлібтер. Ауғанстан үкіметіне амал жоқ, тәлібтермен келіссөз жүргізу қажет деп санайды, біздің президент. Н.Назарбаев америкалық әріптесінің қандай әсер қалдырғанын да айтты. Трамп өзіне дейінгі президенттерден мүлдем бөлек. Бизнес адамы. Бос сөзді ұнатпайды. Әңгімелескенде жайлы, деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Был разговор тет-а-тет. Ни разу такого не было. Всегда присутствовали люди. Один на один, президент с президентом. Потом мы пошли в комнату отдыха и кое о чем говорили тоже.   

Екі президенттің гольф ойнап қалуы да мүмкін. Ақ үйдің басшысын шақырыпты. Бірақ климаттық жайлылық бойынша бәсекелесу әрине, қиын, - деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Каждую субботу, воскресенье он играет, а нам где сейчас играть? Но все равно я его пригласил. Он удивился, что гольф у нас есть.