Ақтөбе
облысындағы 52 адамның қазасына қатысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Өзбек басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда
хабарлады. Онда "Орны толмас қайғыға орай Қазақстан халқының атынан және
өзімнің атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын"
делінген. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеген.