Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шетелдік әуе тасымалдаушылар әуежай қызметі тарифтерінің өсуіне орай ҚР-на келуден бас тартып жатыр - IATA

AstanaTV
18.01.2018ж. 20:00
2066
Шетелдік әуе тасымалдаушылар әуежай қызметі тарифтерінің өсуіне орай ҚР-на келуден бас тартып жатыр - IATA

Шетелдік үш әуе тасымалдаушы компания Қазақстанға қатынауды мүлде тоқтатқан. Оған әуежай қызметі тарифтерінің қымбаттауы себеп көрінеді. Олар Вritish Airways, Air Baltic, Czech Airlines компаниялары. Austrian airlines, KLM және Asiana Airlines компаниялары да қатынасты уақытша тоқтатқандарын мәлімдеген. Бұл туралы ИАТА Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының аймақтық менеджері Джордан Карамалаков айтты. Ал Etihad, LOT және AirArabia әуе компаниялары да әуе қатынасты азайтқан.

Джордан Карамалаков, ИАТА халықаралық әуе көлігі қауымдастығының аймақтық менеджері:

2017-ші жылдың шілде айында мемлекет халықаралық рейстерге әуежай қызметінің бағасын реттеуден бас тартты. Әуе жанармай қымбаттап тұрған шақта, әуежай қызметінің құны да көтеріліп, кей компаниялар қызмет көрсетуден бас тартып жатыр. Ішкі тасымалға баға әлі баяғы әдіспен қадағаланады. Біз мұнымен келіспейміз. Әрбір әуежай қызмет бағасын қолынан келгенше көтеретіндей заңсыздық болмауы тиіс.

Әуежай қызметінің қымбаттауы билет құнынана да әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан Air Astana, Scat және Qazaq Air әуе компанияларының өкілдері Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігін негізсіз қымбаттаған тарифті қалыпқа келтірсе деп отыр. Бұл қадам бастапқыда әуежайлар пайда тауып, ішкі модернизациялар жүргізілсе деген мақсатпен жасалған болатын. Шетелдік компаниялар ғана емес, қымбатшылыққа отандық әуе тасымалдаушылар да шағымданып отыр.

Николай Буряков, "SCAT" әуе компаниясының коммерциялық директоры:

Мысалға, Ақтөбе әуежайында жер үсті қуаттау құрылғысының құны 3 есеге бір-ақ артты. Бұрын 9 мың теңге болса, енді 29 мың теңге тұрады. Әуекомпаниялар пайдаланатын барлық қызмет түрі артты. Ал Атырау әуежайында тосып алып, қайта ұшыру, жанармай бағасы 18 пайызға артты. Жолаушыларға қызмет көрсету 20 пайызға қымбаттаған. Салонды тазалау 224 пайызға қымбаттады. Жанармай бағасының қымбаттауы тұрғындар үшін тарифтің өсуіне әкеп соғуы мүмкін.