Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтар қаза болған 52 өзбек азаматына құран бағыштады

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
3193
Қазақстандықтар қаза болған 52 өзбек азаматына құран бағыштады

Өзбекстаннан Ресейге нәпақа іздеп шығып, ажал құшқан өзбек азаматтары үшін бүгін Қазақстанның барлық мешіттерінде құран бағышталды. Марқұм болған мұсылман бауырларға арнайы дұға ету үшін жұма намазға жиналған жамағат көп болды. Олар бұл қайғылы қаза қазақстандықтардың да қабырғасын қайыстырғанын айтты.

 Қанат Қабдікәрімұлы,  Павлодар қаласы М.Жүсіп орталық мешітінің наиб-имамы:

«Мұсылман мұсылманға бауыр деп айтамыз ғой. Сол ең басты жақсы тілегіміз - сол дұға болып отыр. Құранды бағыштап, дүниеден қайтқан адамдардың рухтарына иншалла бағыштаймыз. Және сол марқұмдардың туған-туысқандарына шын жүректен көңіл айтамыз».

Мейрам ата, Астана қаласының тұрғыны: 

Біз енді келіп, осы азаматтарымызға, мұсұлман бауырымызға, 52 азаматқа қайғырып, шын жүректен, шын ниетпен, Алла жаны жәнәтта, тәні рахатта болсын дегіміз келеді. Бүкіл қазақ бауырлары, қазақ елі қайғырып жатыр. Бұл үлкен қайғы.

Жәнібек Қорғанбаев, Астана қаласының тұрғыны:

Біраз азаматтардан айырылдық. Ішінде қанша иманды бауырымыз бар еді. Мұсұлман болған соң жанымыз ашиды. Алла дұғаларымызды қабыл етсін.