Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жолаушы тасымалдаудағы ережелерді қайта қарау қажет - сарапшы

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
2465
Жолаушы тасымалдаудағы ережелерді қайта қарау қажет - сарапшы

Жолаушы тасымалдаудағы ережелерді қайта қарау қажет. Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікір білдірген елдегі Көлік тасымалдаушылар одағының директоры Сәбит Аманбаев осылай деді. Оның сөзінше, бүгінде заңсыз тасымалдаушылар саны артып барады.

98 мыңнан астам отандық автобустың 60 мыңнан астамы жеке тұлғаларға тиесілі. Олардың көпшілігі тозған және олар қауіпсіздікке жауап бере алмайды. Сарапшы, жолаушылар тасымалын лицензиялауға қайта оралуды ұсынады. Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде автобустардың іске келмейтін мерзімін белгілеу қажет. Сәбит Аманбаевтың пікірінше, он екі жылдық мерзімнен кейін көлік құралы жолға шықпауы керек.

Сәбит Аманбаев, Қазақстан көлік тасымалдаушылар одағының директоры:

Заңнамалардың бәрін жаңадан қарастыру керек. Мысалы, жеке бас тұлғалар үлкен автобусты өз атына тіркеуге тыйым салыну керек. Содан кейін көліктің тозуын, көліктің қолдану уақытын, мерзімін шектеу керек. Жолда, әсіресе мынадай жолаушы тасымалдау саласында, ары кетсе, 12 жылмен шектеу қажет. Қалған көліктерді қауіпсіздікке ешқандай кепілідік, немесе ешқандай қамтамасыз ете алмайды. Әбден тозған көлік оның ешбір көрсеткіштері зауыттан шыққан кездегі бұзылып кетеді. Темірдің шаршауы болады.