Астаналық
студент Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Кейбір ақпарат құралдары мәліметінше, Астана
қаласы Алматы аудандық №2 соты А.Мейірбаев есімді азаматты уақытша қамауға
санкция берген. Оған «алдын ала сөз байласу арқылы, топтасып қылмыс жасады»
деген айып тағылып отыр.
Бұған дейін прокуратура өкілдері осы қылмысқа
қатысы бар күдікті ретінде ұсталған 22 жастағы Нұрбек Әжімбайдың өз әріптестері
емес екенін мәлімдеген еді. Бірқатар БАҚ оның бұрын прокуратурада жұмыс
істегені туралы ақпар таратқан. Сондай-ақ бұл істе Аян және Виталий
дегендердің аты аталуда. Қазір полиция Ерасылды қамауда ұстаған үйде болған
Андрей есімді тағы бір күдіктіге іздеу салды. Ал марқұмның анасы
кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.
Кенжегүл
Әубәкірова, Ерасылдың анасы:
Жазасын
алсын бұлар. Істеген, ұсталған адамдарды қоя бере ме деп қорқамын. Бай болса,
байлықтарын пайдаланып. Бай да, ешкімге қарыз да емеспіз. Кімге не керек
болғанын ұқпаймын. Өзімен өзі жүрген бала еді ғой!
Еске
салсақ, сәрсенбі күні Астана маңында 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтың мәйіті
табылды. Болжамға қарағанда, жігітті әбден азаптап өлтірген сыңайлы. 3 ақпан күні жоғалып кеткен Медицина
университетінің 6 курс студентін туыстары мен достары және мыңдаған еріктілер
бірнеше күн бойы іздеген еді. Әзірге қылмысқа қатысты ІІД тарапынан ешқандай
ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Құралай ПИОНЕР