Бүгін Алматыдағы Алмалы
аудандық соты актер әрі Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының
директоры Ерлан Біләлдің ісін қарай бастады. Бірақ алғашқы сот процесінде
бейне, аудио жазба жүргізуге тыйым салынды. Мұндай талап-арызды күдіктінің қорғаушысы сот басталмай тұрып
беріп қойған. Судья да, прокурор да Ерлан Біләлдің адвокатының өтінішін
қанағаттандырды. Актер алғашқы сот отырысында өз кінәсін мойындаған. Ол «Сезам»
театрының директоры Қайрат Баянов балалар қойылымын өткізу үшін өзі бірінші
болып ақша ұсынғанын айтты. Ал қаражатты бөліп-бөліп берген.
Айта кетейік,
күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Танымал актер жаңа жылдың алғашқы күндері пара алмақ болды деген айыппен істі
болған еді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері оны театрдың көрермен
залын жалға беру үшін заңды тұлғалардың бірінен 1,5 млн теңге көлемінде пара
талап етті деген күдікпен құрықтады. Ерлан Біләл соттың үкімі шыққанша 1 млн 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай кепілдікпен бостандықта болады.