Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысанды аралап көреді.
Бұдан бөлек, Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен танысады.