$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Батысқазақстандық шаруалар ақбөкеннен ауру тарай ма деп қауіптеніп отыр

15.04.2026ж. 19:00
Батысқазақстандық шаруалар ақбөкеннен ауру тарай ма деп қауіптеніп отыр

Батысқазақстандық шаруалар ақбөкеннен ауру тарауы мүмкін деп алаңдаулы. Өйткені әлеуметтік желіде әбден әлсіреген киіктердің адамнан үркімей жүрген видеосы таралып жатыр.

Осыдан үрейленген ауылдықтар ақбөкеннің ауруы төрт түлік малға жұға деп қорқады. Дегенмен, мамандар жағдай бақылауда деп жұбатады. Өйткені ақбөкен де көктемге көтерем боп іліксе, әлділері ғана аман қалады екен. Сондықтан бұл жылдағы құбылыс, дейді. Жыл басынан бері өңірде 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылыпты. Былтырғы санақ кезінде 2 млн 300 мың бөкен анықталғанын ескерсек, биыл олардың саны еселеп көбеюі мүмкін.

ҚАЙРАТ ҚАДЕШЕВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қыс қатты болған уақыттарда 70 пайызға дейін қыс қатты өлу процесі болады деген. Сондықтан біздерде ең үлкені 24-жылы Мұратсайда білетін боларсыздар, 5 мыңның астамы судан өте алмады. Құзырлы органдар бәрі жағдайды тұрақты ұстап отыр. Оперативті түрде бүгін шықты. Ветқызметтер жұмыс істеп жатыр.