Негізгі / Жаңалықтар / Президент Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қайғылы оқиғаға орай Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда: «Осынау қайғылы сәттерде корей халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген.