Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Олжас ШЕБЕР 80-ге толды!

AstanaTV
21.05.2016ж. 20:00
2387
Олжас ШЕБЕР 80-ге толды!

Ал сіз пікір білдіруден шаршамаңыз! «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!

... Шабысымен мың аттың,
Шабуыл салып шығайық,
Дүбірімен тұяқтың,
Жолды беттен ұрайық!

Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ» өлеңін Ұлықбек Есдәулеттің басқаша аударғанын журналист Серікбол Хасан жазған. Расында тамаша аударма екен.

Иә, Шебер Олжас Сүлейменов 80 жасқа толды. Сәрсенбіде Президент «Еңбек Ері» деген жоғарғы мемлекеттік атақпен марапаттаған, сол күні түстен кейін Алматыдағы әдеби-шығармашылық кешке қатысты.

Дыбыстық қыстырма: Олжас Сүлейменов өлең оқиды

«Ұлт» порталында жазушы, «Невада-Семей» қозғалысының ардагері Арман Қани есімді азаматтың мақаласы шықты – содан үзінділер.

«Мәскеуге барған бетте Ленин кітапханасынан 1926 жылғы санақтың қорытындылары жарияланған жинақты тауып оқығанмын. «Қазақтар – Кеңес одағындағы ең ірі ұлт – 6 млн.200 мың» деген тұсын көшіріп те алғанмын. Ал 1939 жылы сол 6 миллионнан астам қазақтан 2 миллион ғана қалған… Мұндай қорлыққа тек қой мінезді халық қана шыдай алады. Ал біз жылқы мінез халық емес пе едік?!» – деп жазғанын келтіріпті.

Қуғын-сүргінге ұшыраған бірнеше  желтоқсаншының ақталуына ықпал еткен, енді біреулеріне өз қаржысына пәтер сатып әперген. Егемендіктің алғашқы экономикалық қиын кезеңінде айлар бойы зейнетақылары берілмей тарығып жүрген егде аналар Олжасты үйінің алдынан тосып алып, нан мен сүтке деп ақша сұрағанында қалтасында барын солардың қолына ұстата салған. Әмиянында  көк тиын қалмаған күні өзінен көмек өтінгендерге «сатып, пұл қылыңдар» деп,  үстіндегі былғары плащын шешіп беріп кеткен. 

Олжас Сүлейменов  КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат кезінде, 1989 жылдың 25 ақпанында  Қазақстан Орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен Ашық мәлімде жасады! Көп кешікпей халықтық қозғалыс күш алып, атомсыз бейбіт өмір үшін күрес басталды! Ақыры, әділдік салтанат құрды: 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» №409  Жарлыққа қол қойды...

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жөнінде мәселе көтеріп, ұсыныс жасаған да Олжас Сүлейменов.  

Оның біздің уақыттағы кейбір пікірлерімен барша жұрт келіспес. Бірақ оның Шебер болып қалатынына күмән жоқ.