$511.22 €540.05 ₽4.73
×

«Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі»...

AstanaTV
21.05.2016ж. 20:00
1810
«Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі»...

«Қалалардың терісі, қалалықтардың терісі». Осындай тақырыппен Алматыда швейцариялық фотограф Жан Паоло Минеллидің көрмесі өтті.

Мынадай детальдар: Жан Паоло Минелли 1999 жылы Буэнос-Айреске барып, Аргентина астанасында 10 жыл тұрады. Ол қаланың кедей, зорлық-зомбылыққа толы аудандарын түсірген. Қираған, жоқшылық жайлаған, адамдары нашар тұратын кварталдарды түсіруді таңғы алтыдан бастаған. Оның бұл фотографиялары биліктің әлеуметтік проблемаларға назар аударуына ықпалдасқан... 

Ал Қазақстанға ол «Казцинк» кәсіпорнының шақыруымен келіп, Өскеменнің «өндірістік келбетін» түсірген. Тек құбырлар бейнеленген суреттерін қойыпты. Қаланың экологиялық проблемалары туралы сұраққа «зауыттар бар кез-келген қала ластанады» деп, сыпайы жауап берген... 

Мария  Копелиович, өнертанушы:

Әдетте біз кәсіпорындарға барғанда жарқырап тұрған экстерьерін көреміз. Әкімшілік ғимараттар, мысалы. Бірақ оны жарқыраған ғимараттар қызықтырмаған. Оны құбырлар қызықтырған. Егер зер салып қарасаңыз, фотоларында линиялық өнер байқалады. Яғни үздіксіз сызықтар. Құбырлар да сызықтар. Көлемді. Сызықтар мен көлемнің үйлесімі белгілі-бір ырғақты түзеді. Көркем шығарма деген сол.

Осындай, мағынаны экстерьер мен интерьер емес, сызықтар мен құбырлардан іздеу.

«Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Амандық болсын!