Келесі жылдан бастап балама ретінде ілкі режимде жаңа AIT (Admission Insight Test) тестілеуі қосылады. Оны ETS технологиясы саласында әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі әзірлейді.
- ETS делегациясы біздіңфилиалдармен алғашқы кездесу өткізу үшін кеше Астанаға келді. Сынама тестілеу келесі жылы да сақталады. Негізінен оны жойып, тек бір ғана ҰБТ қалады деген алаңдаушылық болған еді. сол себепті сынама форматы да сақталады, бұл маңызды. Себебі мұндай тестілеу әлсіз жағыңды анықтауға мүмкіндік беретін диагностика құралы ретінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Осылайша, келесі жылы жаңа тест түріндегі балама пайда болады. Демек, негізгі ҰБТ-ны жылына бір рет қана тапсыруға болады. Бірақ сынама тестіден өту мүмкіндігіне қалдырамыз, - деді Саясат Нұрбек.