$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Таза Бейсенбі» акциясы қарқынды жалғасуда

AstanaTV
23.04.2026ж. 19:00
«Таза Бейсенбі» акциясы қарқынды жалғасуда

Еліміздің бірнеше өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Игі бастамаға жергілікті тұрғындар, жастар және еріктілер белсене қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары, еріктілер, жастар және партия белсенділері бірлесіп парк, стадион мен қоғамдық аумақтарды тазартты. Жиналған қоқыс арнайы полигонға шығарылды.

АННА КУЗНЕЦОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ГЛУБОКОЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз әр бейсенбі сайын ауылдық округтерді тазалыққа келтіруге тырысамыз. Бүгін саябаққа шығып, жапырақтар мен қоқысты жинап жатырмыз.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында да «Таза бейсенбі» аясында «Оқшы ата» кесенесінің аумағы тазартылды. Іс-шараға партия мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысып, шамамен 1 тонна қоқыс жиналып, 1000 түп көшет екті.

НҰРГҮЛ ШӘЛЕКЕЕВА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өлі риза болмай тірі байымайды дейді. Осы жерде біз келіп жатқан 7 әулие жерленген. Оқшы ата, Есабыз ата, Ғайып ата, Қыш ата, Әулие ата, Балаби бабыздың жері. Осы жерге келіп тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш егіп, депутаттар да атсалысып жатыр.

Ал Атырау облысында 300-ден астам жас пен партия өкілдері бірігіп, облысаралық автожол бойын қоқыстан тазартты. Жастар таңғы жаттығудан кейін бірден тазалық жұмысына кірісіп, нәтижесінде 5 тоннаға жуық қалдық жиналды.

БЕЙБІТ МЫРЗАҒАЛИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсаты  тазалықты насихаттау  жастар ортасында, өңірдің  экологиясын, қаланы абаттандыру секілді  үлкен мәселелерге назар аударатын боламыз.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта акцияның ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.