Ем қабылдаған лудомандардың 80 пайызы қайта бәс тігіп жүр. Депутаттар заман дертінің дендеп бара жатқанына алдаңдаулы. Елде 450 лудоман бар. 47 детоксикация орталығында ем алғандардың басым бөлігі стационардан соң қайта бұрынғы әдетіне басады. Бұл оңалту тәсілдерінің тиімсіздігі мен реабилитация орталықтарының жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Ішкі істер министрлігі 2 жарым мыңдай интернет-казиноны бұғаттағанымен, заңсыз ойын бизнесі тыйылар емес. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов лудоманияны дербес бағыт ретінде қарастырып, емдеу хаттамаларын халықаралық стандарттарға сай жаңартуды ұсынды.
АЙНА МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бізге тек емдеу емес, оңалту мен қайта әлеуметтендіруді біріктіретін біртұтас модель керек. Іс жүзінде адам стационардан шығып, кейін жұмыстың және қолдаудың жоқтығынан бұрынғы ортасына қайтып барады. Қазақстанда наркологиялық қызметтің де заманауи моделін қалыптастыру қажет. Тіркеуде тұрғандардың санына емес, емдеудің тиімділігіне бағытталған қаржыландыруға көшуіміз керек. Сондай-ақ, жеке оңалту орталықтарының қызметін реттеу және оларға бірыңғай стандарттар енгізу маңызды.