$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында үш оқушы көлік апатынан мерт болды

Түркістан облысында үш оқушы көлік апатынан мерт болды

Түркістан облысында жол - көлік апаты салдарынан үш оқушы көз жұмды. Оқиға Арыс ауданы аумағында болған. "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлік пен "КамАЗ" жүк көлігі Арыс-Шардара бағытындағы жолда соқтығысқан. Салданынан жеңіл автокөліктің үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. "Chevrolet" жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы алған жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасына ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін. Қазір полиция осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуді бастады.

БАҒЛАНБЕК АЙТПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бақытталған қажетті іс-шаралар жалғасуда. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.