Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимаратының сыр беруі соңғы уақытта ғалымдарды едәуір ойландырып отыр. Дәл қазір кесененің маңызды бөлімдері жабық тұр. Келушілерге тек бірнеше бөлмеге ғана кіруге рұқсат бар. Өйткені XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимараттың жағдайы бүгінде алаңдаушылық тудырып отыр. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысанның жағдайы соңғы жылдары Президент тапсырмасына сәйкес зерттеліп жатыр.
НҰРЛАН ДҮКЕНБАЕВ, ӘЗІРЕТ СҰЛТАН ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:
Үш жыл бойына негізі кесенедегі күмбездің жағдайы күрделенген. Төбеден әртүрлі құрылыс бөлшектері құлап, адамдардың жалпы өміріне нұқсан келтіретін болғандықтан осылай кесене жабылған болатын. 2023-тен бері қазір кесененің қазандық бөлмесі жабық тұр. Негізгі бөлімдердің барлығы жабық. Осы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.
Қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасады. Рестоврация жұмысы 1-2 жылда біте қоймауы мүмкін, -дейді мамандар. Айта кетейік, соңғы үш жылда Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес кесененің техникалық жағдайын анықтауға арналған кешенді бағдарлама жүзеге асырылды. «Қазқайтажаңғырту» мекемесі бірқатар ғалымдар мен ресейлік рестовраторларды жұмылдырып, кесененің аумағына жүзден аса құрылғы қойылыпты. Олар ауаның, ылғалдылықтың, жылудың мөлшерін, желдің бағытын және басқа да мәліметтерді жинақтай отырып, кесененің қазіргі жағдайын зерделеген. Қазір кесененің ішінде табиғи кебу процесі жүріп жатыр. Бірақ кез-кезген құбылыс тарихи нысанға әсет етпей қоймайды дейді мамандар.
ҚАНАТ ТҰЯҚБАЕВ, «ҚАЗҚАЙТАЖАҢҒЫРТУ» РМК ӨНДІРІС БӨЛІМІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
Оған адамдардың әсері бар, табиғи әсерлер бар, әртүрлі кесапаттар бар. Сондай әсерлерден барлық ескерткіш болсын, өте мығым, жақсы істелген ескерткіштер болсын тозу процесі өмір сияқты жалғаса береді. Сол себепті қазіргі тұрған кесенеміз өте жақсы деп айтуға болмаса да, алаңдауға негіз жоқ. Кесене орнында тұру, шөгу деген процесстер жоқ. Соның өзі де үлкен бізге көмек.