Депутаттарға талап күшейді. Енді олар халық алдында есеп беруі, азаматтардан түсетін ұсыныстарды сапалы орындау, депутаттық сауалдардың нәтижелілігін бақылауға міндетті. Қарағандыда «AMANAT» партиясының облысық филиалы алаңында депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында жаңа талаптар кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Басқосуда 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының іске асырылуы, Цифрландыру жылы аясындағы жұмыстар мен өңірдің цифрлық даму көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар инклюзияны дамыту, ерекше білім беру қажеттілігі бар түлектерді қолдау мәселелері талқыланды.
БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алдағы уақытта “AMANAT” партиясы өзінің “Жол картасындағы” атқарылған міндеттері қаншалықты деңгейде орындалды, оған біздегі әрбір депутат аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттарының жауапкершілігі. Сонымен қатар біздің осыған дейінгі депутаттарымыздың рейтингісі де қоса қаралатын болады. Жалпы депутат болудың қаншалықты маңызды екендігін оның халықтың алдында қаншалықты жауапкершілігі зор екендігін біздің әр депутат терең сезінсе деген ниеттеміз.