Алматыда «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға депутаттар, қалалық басқармалар мен партияның аудандық филиал өкілдері қатысты. Отырыс барысында партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысын және тұрғын үй қорын басқару мен ортақ мүлікті күтіп-ұстауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ қалалық бағдарламалардың тиімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу жоспарланды.
СТАНИСЛАВ КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біз «TURGYNDAR AMANATY» жобасын енгізіп, іске қосатын боламыз. Бұл жоба барлық өңірлерде жүзеге асырылып жатыр. Жоба КСК, ОСИ, ПТ және тағы басқа ұйымдармен жұмыс істеуге бағытталған. Сонымен қатар, Алматы — тұрғын үй қоры ең үлкен қала. Сондықтан партия бұл мәселені назардан тыс қалдырмайды. Бұл ең маңызды бағыттардың бірі болуы тиіс.