$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Жастар және сайлау» республикалық форумы қорытындыланды

Қызылордада «Жастар және сайлау» республикалық форумы қорытындыланды

Қызылордада өткен «Жастар және сайлау» екі күндік форумы қорытындыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жас сайлаушылар клубының мүшелерімен кездесті. Еркін пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

2002 жылдан бастап еліміздің барлық аймағында жас сайлаушылар клубы құрылды. Бүгінде саны 250-ге жуықтаған. Олар  жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру бағытында қарқынды қызмет  жасауда. Екі күндік форумда атқарылған жұмыстар пысықталып, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі спикерлер жастардың өздері болды. Өздернің қазіргі таңда атқарып жатқан жеке проектілері. Соның ішінде сайлауға қатысу, сайлау туралы ақпаратқа толыққанды қол жеткізу мүмкіндігі, оны жеңілдету. Сонымен қатар, кибер қауіпсіздік жөнінде де. +кішкентайда болсын маған стартап сияқты көрінді.

Жас сайлаушылар клубының мүшелері ауқымды шара үлкен тәжірибе алаңы болғанын айтады. Алдағы уақытта форумдағы бастамаларды жандандырып, аймақтағы белсенді жастармен одан әрі жетілдіреміз дейді.  Ал осы уақытқа дейінгі тәжірибелерінен түйгендері мен тың идеяларын ортаға салды.

ЛИЯС САБЫРЖАН, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жас сайлаушы деген интерактивті модуль, яғни сайт жасақтауды ұсындым. Ол сайтта түрлі деңгейдегі депутаттарды және барлық электронды компаниялар туралы ақпарат ала алады. Және фейк ақпараттарды ажыратып, өздеріне керек ақпараттарды ала алады. Аймағымызға барғаннан кейін осы форумды өзімізде жалғастырсақ па деп ойлап отырмыз.

БАУЫРЖАН МАХАНБЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көптеген ұсыныстар айтылды. Оның ішінде жалпы сайлауды цифландыру бойынша, одан бөлек волонтерлік қызметтер бойынша және жастардың қозғалысының сайлау электралды процестерге қандай пайдасын тигізетіні, қандай қызметтер атқарылып жатырғаны туралы көптеген ұсыныстар айтылды. Көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Форум алғаш рет жас сайлаушылар клубы мүшелерінің бас қосып, креативті ойларын жеткізуге мүмкіндік берді. Олар бұл бастаманы дәстүрге айналтыруды ұсынды.