$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Кофе стақаны ішіндегі "жасырын қойма": Елордада есірткі қылмысының жолы кесілді

Кофе стақаны ішіндегі "жасырын қойма": Елордада есірткі қылмысының жолы кесілді
Polisia.kz

Елордада есірткі заттарын таратты деген күдікпен 19 жастағы ер адам ұсталды. Құқық бұзушылық учаскелік полиция инспекторының кезекті аумақты аралау барысында жас жігіттің күмәнді әрекетін байқауынан кейін әшкереленді.

Жеке тексеру кезінде оның рюкзагынан изолентамен оралған 8 түйіншек табылған. Әрбір түйіншектің ішінде ақ түсті, өзіне тән иісі бар, "альфа-PVP" есірткі затына ұқсас зат салынған 20 ұсақ түйіншек болған. Күдіктінің жалдамалы пәтерінде жүргізілген тінту барысында ас үй үстелінен кофе стақандарына жасырылған екі қағаз орама табылды. Сондай-ақ есірткіге ұқсас зат сақталған шыны ыдыс пен оларды өлшеуге және орауға арналған құралдар тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталған азамат қала аумағында бұрын ұйымдастырған екі "жасырын орынды" көрсеткен. Ол жерлерден де ұсақ түйіншектерге бөлінген есірткіге ұқсас заттар анықталып, тәркіленді. Барлық заттай дәлелдемелер алынғаннан кейін күдікті қамауға алынды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарының дер кезінде қабылдаған шаралары есірткі заттарының одан әрі таралуының алдын алуға және азаматтарды заңсыз айналымға тарту қаупін болдырмауға мүмкіндік берді. Полиция есірткі заттарын сақтау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.