$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алаяқтар тұрғын үй брондау кезінде жаңа айлаға көшті

27.04.2026ж. 23:37
Алаяқтар тұрғын үй брондау кезінде жаңа айлаға көшті
фото: pixabay

Интернет арқылы пәтер мен қонақүй брондау кезінде жасалатын алаяқтардың жаңа тәсілі анықталды. 

Қаскөйлер жалған сайттар жасап, пайдаланушылардан банк картасының деректерін қайта енгізуді сұрайды. Ал шын мәнінде бұл мәліметтер жүйеде бұрыннан сақталады.

Мамандар азаматтарды күмәнді сілтемелерден сақ болуға, тым арзан ұсыныстарға сенбеуге және тек сенімді платформаларды пайдалануға шақырады.