$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде күн 34 градусқа дейін ысиды

28.04.2026ж. 00:24
Елімізде күн 34 градусқа дейін ысиды
фото: pixabay

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр күтіледі.

Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. 28–30 сәуір аралығында солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде 28–29 сәуірде, ал шығыста 29–30 сәуірде күн ашық болады.

Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Сондай-ақ елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында, 28–29 сәуір күндері орталық өңірлерде түнгі уақытта 3°C-қа дейін үсік жүреді.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: батыста +15…+20°C дейін, солтүстік-батыста +17…+25°C дейін, солтүстікте +21…+26°C дейін, орталықта +21…+30°C дейін, шығыста +19…+27°C дейін, оңтүстікте +25…+34°C дейін, оңтүстік-шығыста +22…+27°C дейін.