$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да жиырмадан астам ауылдың малы белгісіз дертке тап болды

28.04.2026ж. 19:00
БҚО-да жиырмадан астам ауылдың малы белгісіз дертке тап болды

Батыс Қазақстан облысындағы жиырмадан астам ауылдың малы белгісіз індетпен ауырып, 200 түлік шығын болды. Мамандардың дерегінше, бұл елді мекендерде 5,5 мың сиыр беймәлім дертке шалдыққан. Тұрғындар сиырдың аузына жара шыққанын байқаған. Бұдан кейін сілекейі ағып, қызуы көтеріліпті. Ауру сиырдан сынама алынса да, әзірге диагнозы анықталар емес. Ал Астанадағы ұлттық референттік орталық киіктердің пастереллез ауруынан қырылып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен ақбөкендерден ауру тарады дегенді де мамандар теріске шығара алмады. Егер ауырған малдан дәл осы диагноз анықталса, өңірде шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.  

МАРАТ ОТАРАЛИЕВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БҚО АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Казталов ауданынан 3 сынама алынды киіктен, Жәнібек ауданынан 2 сынама алынды, Бөкей Ордасынан 1 сынама алынды. Сол сынаманы біздер ұлттық референттік орталыққа жолдадық. 23 сәуірде референттік орталық нәтижесі бойынша сынамадан пастереллез анықталды. Шектеу біздер жаңағы қожалыққа қоямыз. Сол малды оқшаулаймыз. Вакцина сұратамыз, пастереллезге егеміз.