Түркістан облысында бүлдіршінді шибөрі талады. Ауыл ортасында емін еркін жүрген түз тағысы алдынан шыққан адамға айбат шегіп, 3 адамды жарақаттаған. Ең кішісі 4-те болса, үлкені -Талғат Мыңбаев. Ол жыртқышты жалаң қолмен жайратып салыпты.
ТАЛҒАТ МЫҢБАЕВ, ЕСКІ ШІЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұрыннан кіргенін көрген емеспін. Бұл өте қауіпті жағдай ғой. Ауылдың ішіне кіріп, майда балаларға шауып. Алдынан шыққандарды тістеген деген. Масқара ғой бұл.
Шибөріден құтыру ауруына күдікті сынама алынып, зертханаға жолданған. Ал зардап шеккен азаматтар аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, құтыру ауруына қарсы профилактикалық екпе алған. Қазір олардың жағдайы тұрақты,- дейді мамандар.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ:
Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында шибөрі анықталған аумақ пен зардап шеккен тұрғындардың аулалары 10 пайыздық каустикалық сода ерітіндісімен залалсыздандырылды. Жалпы өңделген аумақ көлемі 630 шаршы метр. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында, алдын алу және қауіпсіздік шаралары жалғасуда.