Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған: оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген.
Қылмыстық әрекет оған аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген.
Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған.
Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.
Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрдесотталуды жойып, 4 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге — онлайн-казинодан түскен заңсыз кірісөндірілді.