$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нартай Дүтбаевтың жасазын өтеу мерзімі 12 жыл болып белгіленді

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
3168
Нартай Дүтбаевтың жасазын өтеу мерзімі 12 жыл болып белгіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаевқа қатысты екінші сот үкімі шықты. Қазақстан әскери соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола гарнизонының әскери соты оның жазасын өтеу мерзімін 12 жыл деп бекітті. Сот мемлекеттік құпияға жататын ақпараттарды қарағандықтан, жабық есік жағдайында өтті. Дүтбаевқа билікті асыра пайдаланды, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды және қылмыстық жолмен келген дүние мен ақшаны заңдастырды деген айыптар тағылып отыр. Сонымен қатар, оның заңсыз табылған мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметке тағайындалу құқығынан айырылды, делінген хабарламада.