$541.34 €640.73 ₽6.53
×

30 жас педагог «AMANAT» партиясына қабылданды

AstanaTV
29.04.2026ж. 19:00
30 жас педагог «AMANAT» партиясына қабылданды

«AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Ол Қостанай мен Рудный қалаларында депутаттармен, партия белсенділерімен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Облыстық депутаттық фракция отырысында өңірдің өзекті мәселелері мен партия жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, 30 жас педагог «AMANAT» партиясының қатарына қабылданып, оларға мүшелік билеттер табысталды.

АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Жүргізіліп жатқан жұмыстар өте ауқымды екенін айту керек. Көптеген білім беру нысандары ашылды, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік саланы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл әрбір азаматқа қатысты барлық мәселелерді қамтиды.