Астанада әйелдер көшбасшылығын дамыту мен гендерлік теңдікті сақтау мәселелері тағы бір мәрте назарға алынды. «AMANAT» партиясының «Алматы» аудандық филиалы жанынан құрылған әйелдер қанатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Партия хатшысы әрі Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова бұл бағыттың маңыздылығына тоқталып, әйелдердің әлеуетін арттыру басты басымдық екенін атап өтті. Басқосуға қоғам қайраткерлері, бизнес және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.
ЖАНЕРКЕ АЖЕТОВА, №13 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ:
Әрине, өте қажетті, өте уақытылы нәрсе деп ойлаймыз. Өйткені, бүгінгі күні, қоғамдағы әйелдердің маңызы ерекше. Бүгінгі әйелдердің көтеріп отырған мәселесін, халық үшін, қоғам үшін жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектеріміз жиналып отырмыз.