$488.91 €532.62 ₽5
×

Түркиянің жаңа премьер-министрі Бинали Йылдырым үкіметін жасақтай бастады

AstanaTV
23.05.2016ж. 20:00
1925
Түркиянің жаңа премьер-министрі Бинали Йылдырым үкіметін жасақтай бастады

Түркиянің жаңа премьер-министрі болып тағайындалған Бинали Йылдырым жаңа үкіметті жасақтай бастады. Бұған дейін ол көлік, кеме қатынасы және коммуникация министрі қызметін атқарды. Кейбір ақпарат құралдары, Йылдырым - президент Эрдоғанның жақын серіктесі, деп жазады. Қазірдің өзінде Бинали Йылдырым президенттік басқару жүйесіне қолдау білдірді. Сөйтіп, бірден конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды.

Жаңа премьер 60 жаста. 13 жыл бойы көлік және коммуникация минстрлігін басқарды. Ал 2013 жылы елде тендерлерге қатысты шыққан ірі жемқорлық жанжалдың бел ортасында қалды. Ол кезде Йылдырымды Эрдоған ақтап шықты, - деп жазды түрік ақпарат құралдары. Йылдырым бұл қызметте Ахмет Дәуітоғлыны ауыстырды. Ал Дәуітоғлы соңғы кездері Эрдоғанның билігімен келіспей, қарама-қайшы пікірлер айтқаны белгілі. Ол парламенттік басқару жүйесін президенттік жүйеге ауыстыруға қарсылық білдірді. Яғни президенттің билігін кеңейтуге мүмкіндік бергісі келмеді.

Бинали Йылдырым, Әділеттілік және даму партиясының жетекшісі: 

Сіз Әділеттілік және даму партиясының жаңа жетекшісі ретінде маған сеніп тапсырған бұл қасиетті туды биік ұстауға уәде етемін. Біздің жол - халық жолы. Оның тынысы мен біздің партия көшбасшысы Реджеп Тайып Эрдоғанның жолы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ