Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бейбіт Атамқұлов наурыз айында Жангелдин ауданына барып қайтпақ

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
2214
Бейбіт Атамқұлов наурыз айында Жангелдин ауданына барып қайтпақ

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі зымыран қалдықтары құлауы тиіс өңір тұрғындарымен кездесуді жоспарлап отыр. Айтуынша, әлі нақты келісім жоқ. Биыл зымыран қалдықтары түспейді. Ресей тарапы үш жылда 7 ұшыру болады деп отыр. Таңдалған жер аумағы 76 мың гектар. Бұған дейін аудан бюджетіне жыл сайын 151 млн теңге аударылады деп айтылған.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Келешекте ұшыру бойынша шешім қабылданып жататын болса, онда үш жылдың ішінде 7 ұшыру ғана болатынын тағы да айтамын. Оттекті-керосинді отынды қозғалтқышы бар экологиялық таза зымыран қолданылатын болады. Экологиялық қауіп-қатер туралы айту - құр бос фобия.

Сондай-ақ бүгін мәжілісте қорғаныс саласындағы мемлекетік тапсырыс туралы заң жобасы таныстырылды. Онда қорғаныс министрлігі үшін барлық мемлекеттік тапсырысты енді Аэроғарыш өнеркәсібі министрілгі орындайды делінген. Қорғаныс министрлігі жанынан құрылған  жеке компаниялар қызметі үшін тым көп комииссия алатын көрінеді. Мәселен, әскерге киім-кешек сатып алатын "Жасампаз" консорциумы былтыр тек комиссия үшін 1,3 млрд теңге алған. Мұндай компаниялар жемқорлықты жеңу үшін құрылған.  Алайда, нәтиже шамалы. Жақында "Қазақстан инжиниринг" акционерлік қоғамы басшылығы ірі көлемде пара алғаны үшін сотталып кетті.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Бұл қорғаныс-өнеркәсіп саясатына қарай әскери өнімді сатып алуға мүмкіндік береді. Және Қарулы күштерді өзіне тән емес жұмыстан босатады.