Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Энергетика министрлігі елде көмір тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді

AstanaTV
01.02.2018ж. 20:00
2518
Энергетика министрлігі елде көмір тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді

Елдің ешбір өңірінде көмір тапшылығы жоқ. Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпарат жалған. Бүгін Энергетика министрлігі осындай хабарлама таратты. 

Былтыр елде 106,7 млн тонна көмір өндірілген. Бұл 2016 жылдан 8,2 млн тоннаға артық. 30-шы қаңтарға дейін 8,6 млн тонна қатты отын шығарылған. Энергетика министрлігі таратқан хабарламада әр аймақтағы көмір қоры көрсетілген. Сондықтан дүрлігуге негіз жоқ деп отыр. Қазір бұл мәселе министрліктен өзге, облыс әкімдіктері мен "ҚТЖ" ұлттық компаниясының бақылауында екені айтылған.