$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Ағайынды алтаумыз» атты жаңа сериал көрерменге жол тартады

«Ағайынды алтаумыз» атты жаңа сериал көрерменге жол тартады

Осы сенбі «Астана» арнасы көрермендер назарына  жаңа сериал  ұсынбақ.  Жаңа туынды отбасылық құндылықты дәріптейді.  

Дастархан басына жиналған ағайындылар. Жарасбай ақсақал мен оның алты ұлы және келіндері. Жаңа туындыға  «Шымкент шоу» театрының актерлары орындап жүрген «Ағайындылар» интермедиясы арқау болған. Бұл-соның  толықтырылған нұсқасы.

Жақсыбай - жасы 70 ке тақаған, әулеттің әкесі.  Кемпірі қайтыс болғалы, қара шаңырақта үйленбеген кіші баласы екеуі тұрады. Әзілқой, қыңыр мінезді шал

Ілесбай (Берік Тұрсынбеков) - Жақсыбайдың үлкен ұлы. Жеке ауруханада дәрігер.  Ақылды, байсалды, інілеріне жол көрсетіп жүретін, көмектесетін кейіпкер. Жұбайы Райхан өзі секілді биязы, ақылы мол келіншек

Оразбай (Дәурен Жұмаділов) - Жақсыбайдың екінші ұлы. Салық қызметінде жұмыс істейтін,  нервный персонаж.  Орысша білім алып, орыс әйел алып, шала қазақша сөйлейді. Әйелінен қатты қорқады. Қазақшаны жартылай түсінетін болғандықтан осыған орай қиындықтар туындайды. Жұбайы Маргарита орыс мінезді, орыс тілді, күйеуіне сөзі өтетін кейіпкер

Құласбай (Михон) -  Жақсыбайдың үшінші ұлы. Мешітте имам болып қызмет атқарады. Тістеп сөйлеп, әзілдеуді қатырады. Бауырлар арасында Мықтыбаймен жақын тұрады.  Жұбайы жұрттың көзінше орамала таққан, өте момын әйел болып көрігенімен, оңашада күйеуі екеуінің ойындары бар.

Мықтыбай (Наконай) - Жақсыбайдың төртінші ұлы. Құқық қорғау органында тергеуші қызметін атқарады. Бауырлардың ішінде ең пысығы, пайдакүнемі. Оразбайдың алдағанды жақсы көреді. Жұбайы Бағила Маргарита мен Райханға еліктеп модница болғысы келеді. Үнемі барлық киімдері мен әжекейлерін бірдей түсті етіп киіп алады.

Түктібай (Ерлан) - Жақсыбайдың бесінші ұлы. Тұтығып сөйлейтін, бауырлар арасындағы ең жуасы. Сөйлейтін болса тек билеп, әндетіп қана айтады. Үлкен бір лабороторияда ғалым болып жұмыс істейді. Жұбайы Майра ақкөңіл, үлкенді сыйлайтын, момын келіншек.

Құттыбай (Саят) - Үйдің ең кенже баласы. Студент. Үйленбеген бойдақ. Әкесімен сөз таластырып, екеуі әзілдесіп жүреді.

Туынды 16 сериядан тұрады. Әрқайсысының ұзақтығы - 40 минут. Әр бөлімі ағайындылардың проблемалары арқылы түрлі  оқиғадан құралады. Жоба авторлары алты ағайын арқылы қоғамдағы ер азаматтардың тіршілігін қазақы әзілмен, қағытпа қалжыңмен   шытырман оқиғалар арқылы  көрсетуге тырысады. Сонымен қатар отбасы құндылығы, ағайын арасындағы сыйластық пен ауызбіршілік, үлкен мен кіші арасындағы қарым- қатынас   кеңінен суреттеледі.

Жаңа туындыны 2 мамыр сағат 14:30-да «Астана» телеарнасынан тамашалай аласыздар.