$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда "Atyrau Volunteer Fest" волонтерлар фестивалі өтті

Атырауда "Atyrau Volunteer Fest" волонтерлар фестивалі өтті

Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  жарияланған халықаралық волонтерлар жылы аясында  АМАNАТ партиясы  «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен волонтерлар фестивалі өтті. Фестиваль алаңында 15 волонтерлық ұйым жобаларын таныстырып,  тәжірибемен бөлісті. Бағдарлама экология, төтенше жағдайлар, әлеуметтік және өнер саласы, медицина мен  жануарларға көмек бағытын қамтыды.  Жас волонтерлар үшін  күні бойы тимбилдинг ойындары, интерактивті алаңдар, жәрмеңке мен фудкорттар ұйымдастырылды. Бір ерекшелігі UNICEF, БҰҰ Еріктілер бағдарламасы секілді халықаралық ұйымдар қатысты. Фестиваль аясында елімізге танымал медиатұлғалар, волонтерлік қозғалыс көшбасшыларымен тікелей пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Осы арқылы жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, еріктілер қозғалысын халықаралық деңгейде  дамытуды әрі қоғамда әлеуметтік маңызы бар  бастамаларды қолдауды мақсат етеміз,- дейді ұйымдастырушылар.

АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:

Негізгі мақсаты біздің өңірімізге халықаралық  деңгейдегі ұйымдарды волонтерлық ұйымдарды республикалық ұйымдарды шақырып,  облыстық ұйымдармен тәжірибе алмасу, сонымен қатар волонтер жалпы жастарды қайырымдылыққа , жақсылық жасауға, қоғамға пайдасын тигізуге шақыру деп есептеймін. Біздің осы жерге келген әрбір жасымыз  өзіне керекті ақпаратты, білімді, тәжірибені алады деген сенімдеміз.