$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде «Таза Бейсенбі» акциясы үздіксіз жалғасуда

AstanaTV
30.04.2026ж. 19:00
Елімізде «Таза Бейсенбі» акциясы үздіксіз жалғасуда

Еліміздің бірнеше өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған "АМАNАТ" партиясының «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Батыс Қазақстан облысында игі іс-шара «Тақсай ханшайымы» кесенесінен бастау алды. Киелі мекенді абаттандыруға аудан белсенділері мен облыс орталығынан келген жүздеген ерікті біркісідей атсалысып, ескерткіш айналасын гүлмен көмкеріп, әктеу жұмыстарын жүргізді.

ГАУҺАР ШАЙХИНИЯЗОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі шара біздің ескерткіштерімізге деген құрмет. Ол тарихқа деген үлкен тағзым болып есептеледі. Сол себептен де біз әрқашан да осындай тарихи орындарымыздың үнемі таза тұрғанын, күтімді қажет ететін жағдайда келіп тазалап тұруға барлық тұрғындарды шақырамыз.

Экологиялық керуен ежелгі Тараз шаһарында да жалғасты. Жамбылдық жастар «Аса» өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Игі шараға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұжымы мен мәслихат депутаттарынан құралған 70-ке жуық адам қатысты. Өзен бойы аудан тұрғындары үшін таптырмас демалыс орны болғанымен, келушілердің бәрі бірдей тазалық талаптарын сақтай бермейді. Нәтижесінде акцияға қатысушылар өзен бойынан 1,5 тоннаға жуық пластик пен полиэтилен қалдықтарын жинап, арнайы техникамен полигонға жөнелтті.

ТАЛАП ӘБДІБЕКОВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңға шейін жыл басынан бері 6 рет шықтық. Осындай таза бейсенбі акциясын өткіздік. Осындай акцияны негізінен адамдар демалыс күндері көп шығырланатын жерлерді тазалау жұмыстарын өткізудеміз. Аудан емес, бұл жерде қала тұрғындары да келіп демалыс күндерін осында өткізеді. Сондықтан көп ластанады осы жер.