$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шаян  елдімекені маңында өткен тазалық жұмыстарына жергілікті әкімдік қызметкерлері, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының өкілдері мен ерікті жастар қатысты. Акция аясында қатысушылар бұлақ маңын қоқыстан тазартып, су арналарының көзін ашты. Сондай-ақ, өзен маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.  

ЖАМБЫЛ БАЙҒОНОВ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұлақ көрсең көзін аш дейді. Мінекей, сол бұлақтың көзі ашылып, соның ағатын жолдары басқаларының бәрі реттеліп жатыр. Сондықтан осы өткізіліп жатқан сенбілікті қуаттаймыз.